Ең маңызды нәрсені ұмытқан жігіт… Оқуын жаңа бітірген баласы әкесіне: – Әке, қуана беріңіз, Университетке түстім! – дейді қуанып. – Ә, жақсы болған екен. Содан соң не істемексің? – дейді әкесі. – Бес жылдан соң диплом алам, жұмысқа орналасам. – Содан соң не істейсің? – Мықты адвокат болам. – Сосын? – Сосын… үйленіп, балалы-шағалы болам. Балаларыма жақсы тәрбие беріп, оларды да жақсы оқытам. – Одан соң? – Содан соң… деп ойланып қалды жігіт. Ол уақытта қартайып та қалатын шығармын. Бұл өмірде кім жас болып қалар дейсіз, әке? – Иә, дұрыс… Әкесі «содан соң не болады» деп баласына көңілі толмаған кейіппен іштей күбірлеп отырады. Мұны түсінген жігіт: – Мен ең негізгісін ұмыт қалдырыппын, әке! Осы күнге жеткізген сізге алғыс айтамын. Маған жақсы тәрбие беріп, өсіріп-өндіргеніңіз үшін сізге ризамын, – деп әкесін құшақтай алды… Иә, расында адам баласының өсіп-өнуі, жетістікке жетуі, өмірде өз орнын табуы әуелі Алланың, содан соң ата-анасының арқасы емес пе? Сондықтан Аллаға шүкіршілік етіп, ата-анамызға алғыс айтуды ұмытпайық. #omirlik

Теги других блогов: өмір омирлик өсу